Алматы метросы уақытша жұмысын тоқтатты

Алматы метросы уақытша жұмысын тоқтатты
almaty-akshamy.kz

Құрметті жолаушылар!

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар метро тоннельдерін тексеру жұмыстарын жүргізетін болады. Осы орайда  Алматы метрополитені ТЖД жұмыс орындарына оралуға рұқсат еткеннен кейін шамамен үш сағат көлемінде қайта іске қосылады.

Қазіргі кезде метро аумағында ешқандай бұзылыс байқалған жоқ, жолаушылар сыртқа шығарылды. Қосымша ақпарат ТЖД берген нұсқамаға сәйкес тағы да жарияланатын болады. 


Алматы қ. метроополитені баспасөз қызметі