Месси мансабын қашан аяқтамақ?

Месси мансабын қашан аяқтамақ?
Сурет: ашық дереккөз

Бірақ мансабын қашан аяқтайтынын өзі де білмейді

Аргентина ұлттық құрамасы мен АҚШ-тың «Интер Майами» клубының шабуылшысы, әлем чемпионы Лионель Месси мансабын қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Бұрын да айтқанмын, қазір де айтамын, мен бүгінгі күнмен өмір сүргім келеді. Болашағыма құмалақ ашпаймын. Физикалық тұрғыда қазір менде бәрі жақсы. Әлі қанша ойнайтынымды нақты айта алмаймын. Денсаулығым келсе, алаңға шыға беремін, – деп жауап берді МессиMarca тілшісінің сауалына.

Бұған дейін де ол әзірше футболмен қоштаспайтынын, одан тек ләззат алғысы келетінін айтқан болатын.

Шынын айтқанда, әлі де мансабымды аяқтау туралы ойламаймын. Маған жаттығу жасап, алаңға шығып, футбол ойнаған ұнайды. Қай кезге дейін ойнайтынымды білмеймін. Бірақ көбірек футбол ойнағым келеді. Қазір, ең бастысы, футболдан ләззат алғым келеді, – деді Лионель Лионель Месси TyC Sports-ке берген сұхбатында.

Айта кетсек, ол биылғы жаздан бері АҚШ-тың «Интер Майами» клубында ойнайды. Аз ғана уақытта америкалық клубтың үздік сұрмергендерінің үштігіне кірген. Оның «Интер Майамимен» келісімшарты 2025 жылға дейін жасалған.