Месси - әлемнің ең мықты футболшысы

Месси - әлемнің ең мықты футболшысы
Сурет: Kommersant.ru

Форвард 275 ұпай жинаған.

Футбол тарихы мен статистикасының халықаралық федерациясы (IFFHS) 2022 жыл қорытындысы бойынша әлемнің ең мықты футболшысын атады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Бұл атаққа ПСЖ мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси лайық болды. Форвард 275 ұпай жинап, бәскелестерінен басым болды. 

Мессидің командаласы франциялық футболшы Килиан Мбаппе бұл рейтингте екінші тұр, алайда ол тек 35 ұпай жинаған.

Үшінші орында "Алтын доп" иегері – Карим Бензема. "Реал" шабуылшысы 30 ұпай жинаған.