Елімізде баспанаға мұқтаж жандардың саны 10 млн-ға дейін жетуі мүмкін

Елімізде баспанаға мұқтаж жандардың саны 10 млн-ға дейін жетуі мүмкін
Сурет: Ашық дереккөзі

Айлығы шайлығынан аспайтын тұрғындарға пайызы төмен ипотекалық баспана беру қажет

Елімізде баспанаға мұқтаж жандардың саны алдағы 7-8 жылда 10 миллионға жетуі мүмкін. Сондықтан қазірден бастап, күнкөрісі төмен отбасыларға арналған арнайы мемлекеттік бағдарлама дайындау қажет, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

 Бұл туралы кәсіпкерлермен кездесу барысында Қазақстан құрылысшылары одағаның төрағасы Талғат Ерғалиев мәлімдеді.

Ол бұл ұсынысын қала билігімен бірлесе отырып, Үкіметке жеткізсек дейді. Оның айтуынша, айлығы шайлығынан аспайтын тұрғындарға пайызы төмен ипотекалық баспана беру қажет. Яғни мұндай бағдарлама қабылдау арқылы  тұрғын үй кезегіндегілердің әлеуметтік мәселесін шешуге болатынын айтады.  

«Арзан ипотека немесе пайызы төмен ипотека қажет мұқтаж боп жүрген азаматтарға. Өйткені ол азаматтар айлықтан айлыққа күн көріп жүргендер. Олардың ақша жинауға мүмкіндігі жоқ. Жалға берген ақшаларын банкке төлесін ол 10 жыл арасында несиесін төлеп тастайды. Ол қаражат үкіметке қайтып келеді»,- дейді Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.