Алматыда екі қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды

Алматыда екі қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды
Сурет: Egemen.kz

Бостандық ауданының прокуратурасына Алматы сотына «Astra Consulting Agensy» және «Alpha Lux Consulting» қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс түскен.

Алматы қаласы Бостандық ауданының прокуратурасы «Astra Consulting Agensy» ЖШС және «Alpha Lux Consulting» ЖШС басшылары мен менеджерлеріне қатысты қаржы пирамидасы туралы қылмыстық істі сотқа жолдады. Қаржы пирамидасы салымшыларға 600 млн теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

«Тергеу барысында анықталғаны, ұйымдастырушылар мен менеджерлер ұялы телефондарға қоңырау шалып, қаржылық сауаттылық курстарына шақырған. Содан кейін олар салым сомасына байланысты әртүрлі пайыздармен 124 салымшыны алдап, ақшаны сенімгерлік басқару туралы келісімдер жасаған. Инвесторларға салым сомасына байланысты жедел төлемдер беруге уәде еткен. Қылмыстық іс шеңберінде 6 адам күдікті ретінде танылып, оларға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», - деп хабарлады прокуратурадан.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аяқталып, сотқа жолданды. Прокуратура органдары азаматтарға жоғары пайда табуға уәде беретін түрлі кәсіпорындарға қаражат салу туралы ұсыныстар алған кезде абай болуға шақырды.