Мерекелер қарсаңында ҚТЖ қосымша пойыздар қосты

Мерекелер қарсаңында ҚТЖ қосымша пойыздар қосты
Сурет: ашық дереккөз

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Тәуелсіздік күні мерекесі мен Жаңа жыл мейрамы қарсаңында пойыз билеттеріне сұраныстың артатынына байланысты бірнеше бағыт бойынша қосымша пойыздар қосып отыр, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Қосымша пойыздар келесі бағыттар бойынша қатынайды:

  • 201/202 «Нұр-Сұлтан 1 - Шымкент» бағытында: елордадан 3 пойыз шығады – 2023 жылдың 15, 29 желтоқсанында және 2024 жылдың 1 қаңтарында. Шымкенттен кері шығатын күндер – биылғы 16, 30 желтоқсан мен 2024 жылдың 2 қаңтары.
  • 203/204 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Алматы 2» бағытында: «Нұрлы жол» вокзалынан 5 пойыз шығады – осы жылдың 15, 28, 29 желтоқсанында және 2024 жылдың 1, 2 қаңтарында. Алматы 2 вокзалынан кері қайтатын күндер – 16, 29, 30 желтоқсан және 2024 жылдың 2, 3 қаңтары.

Құрам стандартты купе мен плацкарт вагондарынан тұрады.

Сондай-ақ №7510/7509 электр пойызының Астанадан Павлодар бағытында қосымша рейстері қосылады. Пойыз елордадан осы жылдың 15, 29, 30 желтоқсанында, ал кері бағытта – биылғы жылдың 18 желтоқсанында және 2024 жылдың 2 қаңтарында жүреді.

«Бұдан басқа сұранысы көп бағыттар бойынша техникалық мүмкіндік болған жағдайда жолаушылар пойыздарына қосымша вагондар қосылады», - делінген мәліметте.