Мемлекеттік қызметкерлер жұмысқа ұлттық киіммен келе бастады

Мемлекеттік қызметкерлер жұмысқа ұлттық киіммен келе бастады
Сурет: 24.kz

Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңір

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер жұмысқа ұлттық киім кие бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Ұлыстың ұлы күні – әз Наурыз мерекесіне орай өңірде арнайы челлендж ұйымдастарылды. Тың бастаманы әкімдіктегілерден бөлек, басқарма, тіпті аудандардағы түрлі бөлім мамандары да қолдай кеткен. Яғни олар классикалық форманы қазақы нақыштағы үлгіге алмастырып отыр. Қыз-келіншектер қамзол, бешпент кисе, ер азаматтар кастюмдерін шапанға ауыстырды. Аталған ацияға өзге ұлт өкілдері де үн қосты. Осылайша олар Солтүстік қазақстанның қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңір екенін тағы бір мәрте паш етті.

«Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілігінің аппараты, аудан әкімшіліктері, ауылдық округтердегі әкімшіліктерде - барлық жерде осы күні арнайы челлендж бастап, ұлттық киімдерді киіп, салт-дәстүрлерімізді жаңаша құлпыртып, сондай бір шара жасап жатырмыз. Мемлекеттік қызметшілерге ұлттық нақыштағы киімді киюге ешқандай шектеулер жоқ. Қайта бұл салт-дәстүріміздің жалғасы болып есептеледі», - деді СҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Сейілхан Серікбаев.