Мемлекеттен алған 10 сотық жер жарамсыз болса, қайта кезекке тұруға болады

Мемлекеттен алған 10 сотық жер жарамсыз болса, қайта кезекке тұруға болады
Сурет: Kazlenta.kz

Кезегі жетіп, жеке тұрғын үй салуға жер телімін алғанымен, ол аумақ құрылысқа жарамсыз болып шыққан тұрғындар не істей алады?

Тегін алған жер жарамсыз болса, қайтарып беруге болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

Мұндай жағдайға тап болған азаматтарға не істеу керегін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов «Ондай жағдайда сіз жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін берілген жер учаскесінен бас тартып, қайтадан кезекке тұра аласыз», - деп жауап берді.