Мемлекет басшысына 31 цифрлық гидробекет таныстырылды

Мемлекет басшысына 31 цифрлық гидробекет таныстырылды
Сурет: Akorda.kz

«Аюсай» бөгетінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа  пилоттық жоба аясында орнатылған 31 цифрлық гидробекет таныстырылды

Бұл қондырғылар судың жылдамдығына, температурасына, лайлылығына және басқа да көрсеткіштерге онлайн-режимде мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Мұндай технологиялар келешекте еліміздің жеті таулы аймағында қолданысқа енгізіледі. Гидробекеттердегі мәлімет ТЖМ Дағдарыс жағдайын басқару орталығының бірыңғай ақпараттық жүйесімен интеграцияланатын барлық ғылыми ұйым мен салалық ведомстволарға қолжетімді болады.

Бөгет туралы ақпарат:

– Бөгеттің биіктігі: 41,1 метр;

– Бөгет қырқасының ұзындығы: 330,2 м;

– 2,3 млн.м3 сел көшкінін ұстап қала алады;

– Бөгеттің ауданы: 6,9 га;

– Жоба құны: 10,5 млрд. теңге.