Мемлекет басшысы ономастика саласын тәртіпке келтіруді тапсырды

Мемлекет басшысы ономастика саласын тәртіпке келтіруді тапсырды
Сурет: Turkystan.kz

Ономастика саласы тарихи сана-сезімді жаңғыртудың маңызды идеологиялық құралы - Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында ономатсика мәселесінде аймақтардың ерекшелігі мен жалпыұлттық басымдықтар ескерілуі керек екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Төл тарихымызда ерекше орны бар тұлғалардың бірыңғай тізімін әзірлеу қажет. Бұл тізім еліміздің ішінде және шетелде жалпыұлттық бірегейлігімізді айшықтайтын басты ұстынға айналмақ. Ономастика саласы тарихи сана-сезімді жаңғыртудың маңызды идеологиялық құралы екені белгілі. Кейбір адамдардың қалауымен жалған өмірбаяны әдейі қолдан жазылған Кеңес дәуірінің қайраткерлері бар. Ондай жасанды тұлғалардың есімін түрлі нысандарға беруді доғару қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ономастика саласын тәртіпке келтіруді тапсырды.

«Бұл шаруа кешенді және дәйекті түрде бір орталықтан атқарылуға тиіс. Ономастика бұл – ата-бабаларымызға байланысты я белгілі тұлғалардың туысқандарының ісі емес. Бұл – мемлекеттің шаруасы. Осы саладағы барлық рәсімдерді іс жүзінде реттеу маңызды. Онда аймақтардың ерекшелігімен қатар, жалпыұлттық басымдықтар да ескерілуі керек», - деді Президент.