Алмалы ауданының негізгі мәселесінің бірі – желілердің тозуы

Алмалы ауданының негізгі мәселесінің бірі – желілердің тозуы
Сурет: 24.kz

Алмалы ауданы – халық ең тығыз қоныстанған мекен және коммуникациясы 70 жыл бұрын орнатылған.

Бүгін аудан тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Ерболат Досаев осылай деді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Электр желілерінің тозуы 70% - ды құрайды. Әкім қазіргі уақытта оларды жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Биыл 81 шақырым кабель желісі жаңғыртылады. Бұл ауданның 91 мың тұрғынын үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз етіп, желілердің тозуын 10%-ға төмендетеді.

Сумен жабдықтау бойынша тозу 72,6% - ды құрайды. Биыл Тұрғыт Озал көшесіндегі Абайдан Есенжанов пен Байтұрсыновқа дейінгі Төле биден Әйтеке биге дейінгі су құбыры қайта жаңғыртылады.

Иесіз желілер бөлігінде жыл соңына дейін «Жайлы» және «Панорама» ТК кәріз желілері коммуналдық меншікке қабылданады.