Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады
akorda.kz

 Алтай Көлгінов Президентке 11 ай ішіндегі елорданың дамуы туралы ақпарат берді

Нұр-Сұлтан қаласынның әкімі Мемлекет басшысына қаладағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін жүзеге асырылып жатқан шаралар және халыққа вакцина салу жұмыстарының барысы туралы баяндалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Алтай Көлгіновке жылумен қамту, инфрақұрылым, инженерлік желілер, әлеуметтік тұрғын үйлер мен нысандардың құрылысы сияқты салалар бойынша қордаланған мәселелерді шешуге қатысты, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде бірқатар тапсырма берді.