Мемлекет басшысы Индонезия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Индонезия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияның тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Мемлекет басшысы Президент Джоко Видодоны және Индонезия халқын осы елдің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Индонезиямен арадағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.