Мемлекет басшысы Алматыдағы полиция департаменті шұғыл әрекет ету басқармасының орталығына барды

Мемлекет басшысы Алматыдағы полиция департаменті шұғыл әрекет ету басқармасының орталығына барды
Суреттер: Almaty-akshamy.kz

Қасым-Жомарт Тоқаевқа орталықтың құқықтық тәртіпті және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Шұғыл әрекет ету орталығында қала аумағындағы шұғыл жағдайлар туралы түскен ақпараттар тәулік бойы үздіксіз жиналып, оларға талдау жасалады және құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

Президентке қаладағы террористік акт кезінде бұзақылардың мақсатты түрде 20 көшеге орнатылған 493 бейнекамераны, бейнебақылауды басқару және байланыс жүйесінің техникалық жабдықтарын істен шығарғаны жөнінде баяндалды.

Үкіметтік комиссия мен әкімдікке бақылау жүйелерін түгелдей қалпына келтіру тапсырылды. Қаладағы тәртіпті 10 мыңға жуық бейнекамера бақылайтын болады.