Мемлекет басшысы әкімдердің өрт сөндіру туралы есебін тыңдады

Мемлекет басшысы әкімдердің өрт сөндіру туралы есебін тыңдады
Сурет: Akorda.kz.

Табиғи апатқа қарсы таяуда атқарылатын іс-әрекет жоспарлары туралы айтылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстары әкімдерінің өңірлердегі өрт сөндіру жұмыстары туралы шұғыл баяндамаларын тыңдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әкімдер өрт ошақтарын сөндіру үшін қарқынды жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, сондай-ақ табиғи апатқа қарсы таяуда атқарылатын іс-әрекет жоспарлары туралы хабарлады

Бұл іс-шараларға Ұлттық ұлан мен Қарулы Күштердің бөлімшелері жұмылдырылды.