Малды асылдандыруға қатысты заң жобасы қаралды

Малды асылдандыруға қатысты заң жобасы қаралды
Сурет: Ortalyq.kz

Әулиекөл ауданында және өзге өңірлерде болған өрттен егістік алқаптарына зиян келген жоқ. Бүгін Сенатқа малды асылдандыруға қатысты заң жобасын алып келген Ауыл шаруашылығы министрі осылай деп мәлімдеді.

Айтуынша, егіннің жартысынан астамы жиналған. Жұмыс қызу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Қазір мал басы өсіп жатыр. Оны асылдандыруға субсидия да бөлінеді. Бірақ нәтиже біз қалағандай емес. Себеп - кадр тапшылығы. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бізде төрт түлікті геномдық жолмен асылдандыратын заманауи молекулярлық әдістерді меңгерген маман жетіспейді. Сол үшін ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау әдісі қайта қаралады деген министр Әулиекөлде және өзге өңірлерде болған өртке де тоқталды. Айтуынша, тілсіз жау шаруашылықтарға айтарлықтай зиян келтірмеген.

Ал ет бағасы қымбаттамайды. Министр бағаның өсуіне негіз жоқ дейді. Ішкі нарықтағы жағдай тұрақты. Тіпті жақында шаруалардың табысын арттыру үшін шетелге 120 мың ұсақ мал, 60 мың ірі қара экспорттауға рұқсат берілмек.