Ауылшаруашылық саласы цифрлық жүйеге көшеді

Ауылшаруашылық саласы цифрлық жүйеге көшеді
Сурет: Eldala.kz

Бүгін Қазақстан мен Франция елдерінің кәсіпкерлері мен дипломаттары халықаралық конференцияда бас қоcты.

 Жиында өсімдік шаруашылығы цифрлық жүйеге көшетіні жайында әңгіме болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осы мәселе төңірегінде тың идеяларды алға тартып, тәжірибемен бөлісті. Оған жылдам интернет, автоматты түрде қызмет ететін технологиялар қажет. Есесіне, диқандар да жаңа технологияларды игеруі тиіс. Жоба еңбек өнімділігін арттырып, қаржы үнемдеуге мол мүмкіндік береді.

«Өзімізде қазір жас стартаптар, оның ішінде біз де бармыз, цифрландыруды ауыл шаруашылығына енгізудің жолдарын іздеп, мүмкіндіктерін қарап, соны ауылшаруашылық бизнесінде жүрген адамдарға арнайы ұйымдастырып жатырмыз», - деді Aitas Group компаниясының бас директоры Серік Толықбаев.