Мектеп кітапханаларына 2 миллионға жуық көркем әдебиет сатып алынады

Мектеп кітапханаларына 2 миллионға жуық көркем әдебиет сатып алынады
Сурет: 24.kz

Бұл туралы Асхат Аймағамбетов айтты.

Оқу-ағарту министрінің сөзінше, кітаптар «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында сатып алынады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Министр жаңа оқу жылында балаларды кітап оқуға баулу жұмыстары әрі қарай жалғасатынын айтты. Бүгінгі таңда өңірлерде оқулықтарды жөнелту және жеткізу жұмыстары 67% орындалды. Екінші сынып оқулықтарының 79%-ы жеткізілген.