Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды

Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды
Сурет: Vrk.news

Қазақстан Президентінің өкімімен Алмат Байшолақов қызметінен кетті.

2 шілде күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Алмат Байшолақов қызметінен кетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Алмат Мұратұлы Байшолақов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды», – делінген Akorda.kz cайтындағы хабарламада.