Мексикада 6 мыңға жуық мигрант АҚШ-қа бет алды

Мексикада 6 мыңға жуық мигрант АҚШ-қа бет алды
Cурет: 24.kz

Қазір кірмелер шекарадағы Тапачула қаласынан өтті

Мексикадан 6 мыңға жуық мигрант Құрама Штаттарға қарай жолға шықты.

Белсенділердің айтуынша, бұл соңғы жылдары болған мигранттардың ең үлкен керуені. Қазір кірмелер шекарадағы Тапачула қаласынан өтті. 

Заңсыз келімсектер Лос-Анджелесте басталған Латын Америка елдерінің саммитіне орай АҚШ-қа қарай бет алған. Оған 23 елдің өкілдері қатысу керек. 
Самитте Джо Байден Латын Америка елдеріне қаржылай көмек бөлу туралы шешім қабылдамақ.