Маусым айында неше күн демаламыз?

Маусым айында неше күн демаламыз?
Сурет: Вizmedia.kz

Құрбан айтта қосымша демалыс беріледі.

2023 жылдың маусым айында қазақстандықтар әдеттегі демалыс күндеріне қосымша тағы бір күн демалыс алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақстандықтар үшін 28 маусымға келетін Құрбан айтта қосымша демалыс беріледі.

Осылайша, бес күндік жұмыс аптасында демалыс күндері келесі күнге сәйкес келеді:

Сәрсенбі 28 маусым демалыс, 29, 30 маусым жұмыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасына:

26, 27 маусым жұмыс күндері, 28 маусым демалыс күні, 29, 30 маусым және 1 шілде жұмыс күндері.

Барлығы маусым айында бес күндік жұмыс аптасында 9 күн демалыс болады, ал алты күндік жұмыс аптасында 5 күн демалыс болады.