Матрица: Эпидемиологиялық ахуал бойынша еліміздің барлық өңірі "жасыл" аймақта

Матрица: Эпидемиологиялық ахуал бойынша еліміздің барлық өңірі "жасыл" аймақта
Сурет: 24.kz

"Қызыл" және "сары" аймақтарда еліміздің ешбір өңірі қалмады

2022 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап. 
   
  «Қызыл» және «сары» аймақта еліміздің ешбір өңірі қалмады. 
  «Жасыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары орналасқан.