Мамандар қорылдаудан құтылудың әдісін айтты

Мамандар қорылдаудан құтылудың әдісін айтты
Сурет: Rg.ru

Бүйірімен жатып ұйықтауға кеңес береді.

Адам ұйқысын зерттейтін сарапшысы маман Нарвана Амини қорылдаудың еріксіз әрекет екенін айтты. Оның айтуынша, адамның ұйықтайтын орны өте маңызды. Ол шалқасынан ұйықтайтын адамдар басқа қалыпта ұйықтайтындарға қарағанда жиі қорылдайтынын айтып, аурудан құтылу жолдарын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Lenta.ru сілтеме жасап. 

Қорылдаудың алдын алу үшін маман бүйірімен жатып ұйықтауға кеңес береді. Адам шалқасынан ұйықтаған жағдайда, ауырлық күші тілін аузына басып, тыныс алу жолдарында бітелуді тудырады, сол себептен адам қорылдап ұйқтайды. Ол сондай-ақ күндіз көбірек сұйықтық ішуге кеңес берді, өйткені бұл түнде ауыздағы және тамақтағы кептелуді жеңілдетеді. 

«Иегіңізді кеудеге қыспаңыз немесе басыңызды төмен түсірмеңіз, себебі бұл тыныс алу жолыңызды бітеп, тыныс алуды қиындатады. Қолдарыңызды белде немесе бүйірлеріңізге параллель ұстаңыз. Егер сізде осы позицияда буындарыңыз ауырса, омыртқаны туралау және төменгі арқадағы ауырсынуды жеңілдету үшін тізеңіздің арасына жастық қойып көріңіз », - деді Амини. 

Ұлыбританияның Ұлттық денсаулық сақтау қызметінің (NHS) сарапшылары қорылдаудың артық салмақтан туындауы мүмкін екенін ескертті. Бұл жағдайда мойын мен тамақ айналасы ұлғайып, ұйқы кезінде тыныс жолдарын бітеуі ықтимал. Одан арылу үшін салмақты азайту керек, дейді дәрігерлер. 

Бұған дейін дәрігер әрі тележүргізуші Евгений Комаровский қорылдаудың қауіпті екенін айтып, оны емдеудегі басты қателік деп атаған болатын. Дәрігердің айтуынша, ұйқы кезінде тыныс алудың кідірісімен жүретін қорылдаудың ерекше түрлері бар.