Элизабет Тұрсынбаеваның «Медеу» мұз айдынындағы өнеріне жұрт тәнті болды

Элизабет Тұрсынбаеваның «Медеу» мұз айдынындағы өнеріне жұрт тәнті болды
Сурет: Inform.kz

Жасөспірімдер арасында қысқы Олимпиада ойындарының  қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс медаль иегері, мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева «Медеу» мұз айдынында көпшілікке сырғанау шеберлігін көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Элизабет Тұрсынбаева 2019 жылы мәнерлеп сырғанаудан Жапонияның Сайтама қаласында өткен әлем чемпионатында  күміс  медаль иеленді.

Еркін бағдарламада төрт айналым сальхов элементін мүлтіксіз орындады. Айта кетерлігі, ол жер жүзіндегі мәнерлеп сырғанаушылар арасынан ресми додада осы элементті тұңғыш орындаушы болып тарихқа енді.

Естеріңізге сала кетейік, Элизабет ел спортының тарихында әйелдер арасынан әлем чемпионатында да жүлде алған алғашқы спортшы.

«Медеу» мұз айдынында демалушыларды өзінің талантымен тамсандырған мәнерлеп сырғанаушы инстаграм желісіне «өзінің кейде конькиді жап-жақсы тебетінін ұмытып кететінін» де жазды.