Көркем гимнастикадан ашық чемпионат басталды

Көркем гимнастикадан ашық чемпионат басталды
Сурет: Russia.com

Чемпионаттың ашылу салтанатында 8  қызға спорт шеберлігіне үміткер куәлігі табысталды.

Спорттық шара Тәуелсіздік сарайында өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

24.kz сайтының хабарлауынша, бәсекеге жүзден аса спортшы қатысып жатыр. Олар жекелей, топтық және эстетикалық жаттығулар бойынша бақ сынайды. Жарыс 2 күнге созылады және оның нәтижесінде қалалық құрама жасақталмақ. Ал көркем гимнастика орталығына айналған Тәуелсіздік сарайында алдағы жылы республикалық чемпионат ұйымдастырылады.