Қазақстан мен Венгрия сауда-саттықты арттыруда

Қазақстан мен Венгрия сауда-саттықты арттыруда
Сурет: Milkua.info

 Қазақстан мен Венгрияның екіжақты тауар айналымы оң қарқынмен дамуда

Пандемияға қарамастан, осы жылдың 8 айында ғана көрсеткіш 12% өсті. Тараптар өз кезегінде өзара ынтымақтастықты арттыруға ниетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қазақтан тарапы екі ел азаматтарының сапарларын жеңілдетуді, «Алматы-Будапешт» әуе рейсін іске қосуды, сондай-ақ Венгрияда QazVac вакцинасын қолдануды ұсынды. Ауыл шаруашылығы саласында елдер бірден келешегі бар бірнеше бағытты, оның ішінде сүтті мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы, қой шаруашылығы салаларын дамытуды, сондай-ақ венгр селекциясының жүгері тұқымын өндіруді қарастыруға келісім жасасты.

«Тауар ағыны үлкен. Әрине, пандемия барлық елге кері әсерін тигізді. Сондықтан екі ел арасындағы сауда қатынастары үшін экономикалық жағдай аса қолайлы емесс. Алайда қазір Венгрияның экспорты артып келеді және бұл көрсеткіш, өткен жылмен салыстырғанда, 58% жоғарылады. Сауда-саттық шамамен 330 млн долларды құрайды. Мен оны үлкен жетістік деп санаймын. Біздің делегация құрамында 50 венгр кәсіпкері бар. Мақсат – іскер топтардың белсенділігін арттыру. Сондықтан қос тараптан әріптестер табылып жатса, бұл іскерлік белсенділіктің артуына алып келеді», - дейді Венгрия Премьер-Министрінің орынбасары, Қаржы министрі Михай Варга.