Күн жылы болады

Күн жылы болады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

«Казгидрометтің» болжамынша Қазақстанның басым аумағында жоғары атмосфералық қысымның әсерінен жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Тек еліміздің батыс аймағында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталуы мүмкін. Жаңбыр мен қар жауу ықтималдығы жоғары. Түнде еліміздің оңтүстік-шығыс өңірлерінде нөсерлі жаңбыр жауады деп болжанған. 

ҚР бойынша тұман түсіп, жел күшеюі мүмкін. Батыста көктайғақ, шаңды бұрқасын болады.