Криста Пиккат пен Ақтоты Райымқұлова «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» трансұлттық номинациясы мәселелерін талқылады

Криста Пиккат пен Ақтоты Райымқұлова «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» трансұлттық номинациясы мәселелерін талқылады
Сурет: Gov.kz

Қазақстан мен Орта Азияның бірқатар тарихи мұралары ЮНЕСКО тізіміне енеді

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі  Ақтоты Райымқұлова ЮНЕСКО-ның Алматыдағы бюросының директоры және Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстандағы ЮНЕСКО өкілі Криста Пиккатпен кездесті, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Кездесу жылы, достық рәуіште өтті. Ақтоты Райымқұлова Криста Пиккатқа және ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросына мәдени мұраны, дәстүрлі құндылықтар мен адамзаттың білімін жетілдіріп, арттыруға бағытталған семинарлар, тренингтер мен дәрістер өткізгені үшін алғыс айтты.

Кластерлік бюро ұйымдастыратын іс-шаралар тарихи-мәдени мұраны сақтауда білім мен тәжірибе жинауға, беруге, таратуға және алмасуға мүмкіндік береді.

Қазақстанның ЮНЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы Қазақстан басшылығының «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» сериялық трансұлттық номинациясын ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар Тізіміне бірлесіп дайындау және ілгерілету мәселесін мақұлдаған болатын.

Алайда, коронавирус пандемиясына және шекаралардың жабылуына байланысты бұл жұмыс біршама баяулап қалған еді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, Спорт және жастар саясаты министрлігі, Тәжікстан Республикасының Мәдениет министрлігі және Өзбекстан Республикасының Мәдениет министрлігі арасында бірлескен дайындық және ілгерілету бойынша меморандум жобасы әзірленді.

Меморандум трансұлттық номинацияны дайындау жөніндегі Хатшылықты құру жолымен күш біріктіруді көздейді, оның функциялары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелген.

Сондай-ақ арнайы жұмыс тобы құрылып, оның құрамына барлық 4 елдің өкілдері кіреді, олар сериялық трансұлттық номинацияны тікелей дайындаумен және ілгерілетумен айналысады.

Меморандум жобасын қырғыз, тәжік және өзбек тараптары алдын ала келісіп, мақұлдаған. Таяу уақытта меморандумға ресми қол қою рәсімі өтеді деп күтілуде.

Қазақстан тарапынан жыл сайын сериялық трансұлттық номинацияны ілгерілету жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларына қаражат бөлініп келеді.

Бұдан әрі Ақтоты Райымқұлова Криста Пиккатты осы бағытта жүргізіліп жатқан нақты жұмыс туралы хабардар етті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дүниежүзілік мұра комитетін «Ескі Түркістан» археологиялық паркінің жоспарындағы кейбір өзгерістер туралы хабардар етті. Түркістан рухани-мәдени орталығының бірінші кезеңінің жеті жобасы туралы ақпаратты жаңартты. Бүгінгі таңда амфитеатр, Неке сарайы, шығыс моншасы, субұрқақ, Күлтөбе қалашығы мен археологиялық паркін құру; Қожа Ахмет Ясауи мұражайы, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана және «Ұлы дала елі» орталығы құрылысы аяқталды. Сондай-ақ қазақ драма театрын қамтитын екінші кезеңдегі жобалар - сауда орталығы, «Hampton» қонақ үйі және Шығыс базары-Керуен-сарай, сондай-ақ т.б бар.

Дүниежүзілік мұра комитетінің кеңейтілген 44-ші сессиясының алдын ала шешімінің жобасы белгілі, ондағы ұсыныстармен Қазақстан келісіп отыр.

2022 жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде біз Дүниежүзілік мұра орталығына объектінің сақталу жай-күйі туралы және 44 - сессия шешімінің орындалуы туралы жаңартылған есепті Дүниежүзілік мұра комитетінің 2022 жылғы 45-сессиясында қарауы үшін ұсынатын боламыз.

Сонымен қатар, кезекті сессияның қорытындысы бойынша біз болашақ құрылыс нысанын қауіп-қатерсіз қалай қорғауға болатындығын қарастыру үшін Дүниежүзілік мұра орталығының/ICOMOS реактивті мониторингінің бірлескен миссиясын күтеміз», - деді министр.

Сонымен қатар ҚР Мәдениет және спорт министрі Криста Пиккатқа қазақстандық тараптан миссияның жұмысына барлық қажетті қолдау көрсетілетінін айтты.