ҚР Президенті әскерде қаза тапқан Әлібек Қалбайдың өлімінің себебін анықтауды тапсырды

ҚР Президенті әскерде қаза тапқан Әлібек Қалбайдың өлімінің себебін анықтауды тапсырды
almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың қаза болуына байланысты жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Президенттің пікірінше, бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауға тиіс. Ата-ана баласын әскерге жібергенде, оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті.

«Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды», - делінген БОРТ 1 Telegram каналында.