Қотырбұлақ өзені қоқысбұлаққа айналды

Қотырбұлақ өзені қоқысбұлаққа айналды
Сурет: ашық дереккөз

Бастауын Алатаудың шың құздарынан алатын өзеннің тазалығы тым нашар.

Мөлдір су елді мекендерге жеткенде ластанып, лайланып кетеді. Оған басты себеп адамдардың санитарлық мәдениетінің төмендігі. Ағын суға тұрмыстық қалдық тастау тыйылар емес, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

24.kz мәліметі бойынша, өзеннің жағасындағы жағдай осындай. Күл коқыс шашылып жатыр. Адамдар әдейі әкеліп тастағаны анық.Осының барлығы сумен ағып, ауылға барады. Өзенде не жоқ дейсіз; әйнек сынығы, пластик құтылар, көлік дөңгелегі мен қалбырлар. Ең жаманы целофан пакеттер. Пакет өзен суын бітеп қана қоймай, табиғатты ластайды. Осының барлығы өздігінен суға түспейтіні анық. Адам кесірінен өзен суы күн сайын былғанып, ластанып жатыр. Ауыл тұрғыны Бақытжан Жақашбаев табиғат жанашыры. Көрінген жерге мусор тастап кетушілермен  күресіп келеді. Үйі көпірдің қасында. Ойын балалары велосипедпен құлап кете берген соң өзі қоршау орнатқан. Соған қарамастан қасақана келіп қоқыс төгетіндер бар дей дейді.

- Үй жағымды қоршадым осы арықты таза ұстайыншы деп. Қоршаудың ар жағын қазір барып көрсеңіздер масқара. Баклашкадан су көрінбейді. Сол тазалық керек. Видеокамера қойдым осында жазу да жаздық «Мусор тастамаңыздар деп» сонда да қарамайды халық. Лақтыра береді. Өзіміздің төмендігіміз деп ойлаймын осы. Мусорды тастамау керек. Өзіңнің тұрған жеріңді таза ұстау керек, -дейді ауыл тұрғыны Бақытжан Жақашбаев.

Өзен үйдердің арасымен ағып жатыр. Қотырбұлақтың нағыз қоқысбұлаққа айналып кеткенін ауыл тұрғыны ауласына кіргізіп көрсетті. Қоршауға тірелген қоқысты көріп, табиғатқа жаның ашиды. Ал оны жинап жатқан ешкім жоқ. Бұл мәселені Тұздыбастау ауылдық әкімдігі мамандарынан сұрадық. Мамандар тұрғындарды тазалыққа шақырамыз, ескеру жасаймыз. Аптасына бір рет тазалау жұмысы жүреді деді. Бірақ, өзеннің ахуалы аянышты ақ.

 - Анықтап, айппұл салып жатырмыз ұсталған жағдайда.Видеофиксация, фотоболған жағдайда салып жатырмыз. Мусор тастаса ескерту береміз, екінші рет штраф салынады, -дейді Тұздыбастау ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Рауан Қуанышұлы.

Өзеннің суы көктемде молайса, жазғы маусымда таязданып кетеді. Ол етектегі Қапшағайға, одан әрі Ілеге қосылады. Бір өзен үлкен экологиялық жүйені құрайды. Сондықтан оның тазалығын сақтау, табиғат сиын қастерлеу табиғат ана алдындағы қасиетті борыш болу керек. Бірақ, соны ұқпайтын, түсінбейдін адамдар бар. Жалпы әкімшілік құқық бұзу кодексі бойынша рұқсат етлімген жерлерге қоқыс тасталған дерек анықталса, жеке тұлғаға жауапта тартылады. 60 мың теңгеге жуық айыппұл төлеуі мүмкін.