Костенко шахтасында қаза болған соңғы кеншінің денесі шығарылды

Костенко шахтасында қаза болған соңғы кеншінің денесі шығарылды
Сурет: интернеттен

Құтқарушылар оны шамның батареясындағы жеке нөмірі арқылы таныған.

Кеше кешке Костенко шахтасында тау-кен тазарту кеншісі Александр Прокудиннің денесі табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz жергілікті әкімдіктің мәліметіне сілтеме жасап.

6 қараша күні кешке тау-кен құтқарушылары жақында ғана апат болған Қарағанды облысы Костенко атындағы шахтадан 46-шы кеншінің денесін тапты.

"6 қараша күні сағат 20:00-де Костенко атындағы шахтадан қаза тапқан 46-шы кеншінің денесі табылып, жер бетіне көтерілді. Тиісті сараптамалар жүргізілді. Іздестіру жұмыстарына "Кәсіби әскери авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстары тәулік бойы жүргізілді",-деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.

Айта кетейік, бұған дейін төтенше жағдайлар министрлігі оның денесінің бір бөлігі табылғанын хабарлаған болатын. Алайда министрлік сараптама қажет екенін айтып, ресми түрде ақпарат бермеген еді.