Мемлекет басшысы Жансейіт Түймебаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Жансейіт Түймебаевты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Президентке Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры  университеттегі маман даярлау ісінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалып, келесі жылы 90 жылдығын атап өтетін жоғары оқу орнының стратегиялық даму жоспары таныстырылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Жансейіт Түймебаев университетте жалпы құны 8,1 миллиард теңге болатын 400 ғылыми жоба іске асырылып жатқанына тоқталды. Сонымен қатар, Президенттің мамыр айындағы ҚХР-ға ресми сапары аясында ҚазҰУ-да Қытайдың Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің филиалын ашу жөнінде келісімге қол қойылған болатын. 12 қазанда университет базасында аталған оқу орнының филиалы ашылғанын жеткізді. 2024-2026 жылдары ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші кезеңі жүзеге асырылатыны жөнінде мәлімет берді. Жаңа қалашықта 8 оқу корпусы, технопарк және 12 жатақхана бой көтерсе, жуық арада 3180 орындық 3 жатақхананың құрылысы басталатыны жайында Президентке баяндады. 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев білім сапасын жақсарту, еліміздің дамуына ғылымның қосатын үлесін арттыру және университет қалашығын жаңғырту жөнінде нақты тапсырмалар берді.