Коронавируспен науқастанған адамның бүйрек қызметі бұзылуы мүмкін

Коронавируспен науқастанған адамның бүйрек қызметі бұзылуы мүмкін
Сурет: Medium.com

Ресейлік дәрігер COVID-19-бен ауырғаннан кейін бүйректі тексеруге кеңес береді

Ресейлік нефролог дәрігер коронавирус салдары бүйрек қызметіне зиянын тигізуі мүмкін деп санайды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.

Ол SARS-CoV-2 коронавирусы АПФ2 ферменті бар барлық органдарға шабуылдайтынын айтты. Вирус оны ағзаға ену үшін рецептор ретінде қолданады.

Дәрігердің сөзінше, бұл рецепторлар жүректе, мықын ішекте, өңеште, қуықта болады. Бүйректе олар екі есе көп болады, сол себепті бүйрек вирустық инвазияның аса жоғары қаупіне ұшырайды. Вирус ағзаға енгеннен кейін жедел бүйрек жеткіліксіздігі орнауы мүмкін.

Бүйректің жедел зақымдануы COVID-19 өліміне әкелетін факторларының бірі болып табылады, әсіресе, аурудың ауыр ағымында. Сонымен қатар, нефролог пациенттер оған дейін ештеңе байқамағаннан кейін, өздерінің бүйрегі ауырып жүргенін білмеуі мүмкін екендігін айтады, ал коронавирус бұған дейін баяу дамып келе жатқан процестерді күрт ушықтыра алады.

Дәрігер Анна Коробкина COVID-19-ден үйде емделіп жатқан науқастарға бүйрек қызметінің жұмысын анықтау үшін не істеу қажет екенін тізіп айтып берді:

Ол үшін ақуыздың бар-жоғын анықтау үшін жалпы зәр анализін, креатинин мөлшерін анықтау үшін биохимиялық қан талдамасын жасату керек. Бұл - бүйректің қаншалықты жақсы жұмыс істейтінін тексеру үшін негізгі скрининг. Кейіннен коронавирустың бүйрек тініне әсерін болдырмау үшін қанның ұю параметрлерін бақылау және тромбоздың алдын алу қажет, өйткені қан ұйығыштары бүйрек тамырларында да пайда болатын көрінеді.

Бастысы, адам денсаулығы сыр берсе, ауруды асқындырмай, дереу дәрігер көмегіне жүгінген жөн.