Әсел Омарқұлова: Коронавирус нәрестеге ана сүті арқылы жұқпайды

Әсел Омарқұлова: Коронавирус нәрестеге ана сүті арқылы жұқпайды
vecher.kz

Алматы қалалық перинаталдық орталығының гинекологы Әсел Омарқұлова онлайн брифинг барысында жүкті әйелдерде COVID-19 қалай анықталатынын және нәрестеге вирусты жұқтырмау үшін не істеу керекітігін айтып берді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Барлық жүкті әйелдер иммундық тапшылық жағдайында болады әрі тәуекел тобына жатады. Біз олардан белгілі қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз: маска тағу, қолды жуу және адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу. Ал егер ауырып қалса, өзін-өзі емдеумен айналыспауы керек, себебі ковидті емдейтін көптеген препаратта жүкті әйелдерге қарсы көрсетілімі бар», - дейді Әсел Омарқұлова.

Гинекологтың айтуынша, вирус жұқтырған жүкті әйелдер барлық жағдайда ауруханаға жатқызыла бермейді. COVID-19 симптомсыз және жеңіл ағымы бар болашақ аналар амбулаторлық емдеуде қалады. Әдетте, дәрігерлер оларға көп мөлшерде сұйықтықты ішу бойынша ұсыныстар береді, әйелдер өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізеді, температураны, тамыр соғу жиілігін және тыныс алуды бақылайды. БСМК медициналық қызметкерімен қашықтан байланысты күнделікті орнатады. Перинаталдық орталықта коронавируспен босанған әйелдер жіті бақылауда болады.

«Орталықта 20 төсек-орынды инфекциялық бөлімше жұмыс жасайды. Басқа ковидтік стационардағыдай, «жасыл аймақ», «қызыл аймақ», шлюз, санитария», «жасыл аймақ» бар. Жұқтырған науқастарды босандырғанда медбикелер қорғаныс құралдарын, костюмдерді, көзілдірік пен қолғапты пайдаланады»,- дейді дәрігер.

«Нәресте дүниеге келе салысымен 1 минутқа кешікпей, оның кіндігін қысу ұсынылады, себебі бұл ана мен баланың денсаулығына пайдалы және жаңа туған нәрестенің тамақтану жағдайын жақсартады. Сонымен қатар, жаңа туған нәрестеге COVID-19-дың қан арқылы берілу қаупі аз. Коронавирус балаға ана сүті арқылы берілмейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолданыстағы ұсынымдарына сәйкес, егер сақтық шаралары сақталса, COVID-19 жұқтырған әйелдер сәбиін емізе алады»,-деді Әсел Омарқұлова.

Алматы қаласының перинаталдық орталығының гинекологы бүгінде инфекцияның ұрыққа антенатальды жолмен берілетіні туралы сенімді деректер жоқ екенін атап өтті.

«Вертикалды жол – қан арқылы, ұрықжолдас расталмайды. Инфекция науқас анадан босану кезінде, баламен қарым-қатынас кезінде мүмкін болады, егер ол маска режимі, қолды жуу және дезинфекциялау сияқты қауіпсіздік шараларын сақтамаса», - деді спикер.

Сондай-ақ ол бала көтеретін әйелдерге қоғамдық орындарға, дүкендер мен гипермаркеттерге бармауға шақырды. Оған қоса жүкті әйелді COVID-19 коронавирус инфекциясынан қорғау үшін оның отбасы мен жақындары вакцина алуы тиіс. Сонда ғана ана мен болашақ сәбидің өмірі қауіпсіз болады.