Коронавирус қаупі әлі де сейіле қойған жоқ

Коронавирус қаупі әлі де сейіле қойған жоқ
Сурет: Egemen.kz

Мұндай мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми өкілі Маргарет Харрис жасады.

Оның айтуынша, коронавирустық инфекция көрсеткіштерінің төмендеуі дерттен келетін қауіптің төмендегенін білдірмейді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бір анығы, пандемия әлі тоқтаған жоқ, одан төнетін қауіп те сейілмеді. Тіпті, осы аптада инфекцияның қайтадан қаһарына мінгенін аңғардық. Өкінішке қарай, мыңдаған өлім жағдайы тіркелгенін де байқап отырмыз. Сондықтан арқаны кеңге салуға мүлде болмайды. Біз әлі күнге пандемиядан толық құтыла алған жоқпыз», - деді Маргарет Харрис өз ойымен бөлісіп.