Қор нарығында доллар бағамы өсті

Қор нарығында доллар бағамы өсті
Сурет: Inbusiness.kz

2,33 теңгеге артып, 438,43 теңгені құрады. 

Доллардың теңгеге шаққандағы құны өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) деректеріне сілтеме жасап. 

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,33 теңгеге артып, 438,43 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 15 маусымдағы ресми бағамы 435,92 теңгені құрайды.

Kurs.kz деректері бойынша Алматының айырбас пункттерінде долларды сатудың орташа бағамы - 438,76 теңге, сатылым - 443,12 теңге. Нұр-Сұлтанның айырбас пункттерінде америкалық валютаны орта есеппен 437,61 теңгеден сатып алады, 440,46 теңгеден сатады.