Конституция күні қарсаңында қалада қандай шаралар өтіп жатыр?

Конституция күні қарсаңында қалада қандай шаралар өтіп жатыр?
Сурет: Explorekazakhstan.net

Алматыда Конституция күні қарсаңында бірқатар іс-шаралар өтуде. 

Алматылықтар және қала қонақтары Конституция күнін атап өтуді 27 тамызда Trans Alatau Trail соқпағын жүріп өту бойынша 24 сағаттық марафоннан бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Марафон Visit Almaty туристік хабында өтуде.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, 28 тамыз, сағат 11:00-де Шоқан Уәлиханов алаңында Конституция күніне арналған флешмоб;

сағат 15:00-де Ганди саябағында «Елді асқақтар Ата Заң!» атты мерекелік концерт;

30 тамыз, сағат 11:00-де Mega Almaty сауда ойын-сауық орталығында,

сағат 12:00-де Шоқан Уәлиханов алаңында,

сағат 16:00-18:00 арасында Mega Park сауда ойын-сауық орталығында мерекелік концерттік бағдарламалар;

сағат 19:00-да Абай алаңында (Республика сарайы алдында) концерт өтеді;

сағат 20:00-де «Көктөбе» демалыс саябағында Jaidarman open air, КВН жастары өнер көрсетеді.