Төрт қола: қазақстандық таэквандошылар Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды

Төрт қола: қазақстандық таэквандошылар Азия чемпионатында 4 медаль жеңіп алды
Сурет: Elorda.info

Хошиминде таэквондодан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды.

Бірінші күні Қазақстан командасы төрт медальға ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Спортшылардың қоржынында төрт қола жүлде бар.

Атап айтқанда, Айдана Сүндетбай 46 келіге дейін, Темірлан Тілеулес 51 келіге дейін, Батырхан Тілеуғали 68 келіге дейін, Нұрасыл Қуандық 78 келіге дейін жүлдегер атанды.