Көлік құны түсті
21 желтоқсанда "Қазақстан автокөлік одағы" коммерциялық емес ұйымының хабарлауынша, қараша айының соңында Қазақстанда автокөліктің орташа бағасы 14 миллион 810 мың теңгеге дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың қараша айында 15 млн 160 мың теңге болған.
Осыған орай елде автокөлік саудасы артып келеді. Қараша айында Қазақстанда 17 538 жеңіл және жеңіл коммерциялық көлік, сондай-ақ 1 429 жүк көлігі мен автобус сатылды. Бұл 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда 54,1%-ға көп. Жалпы жыл басынан бері қазақстандық дилерлер 175 255 көлік сатқан.
- Chevrolet (4243 автомобиль, жылына +35,7%),
- Hyundai (3605, +16,9%),
- Kia (2101, +22,3%),
- Toyota (1252, +79,4%),
- Chery (1218, +58,8%).
- Chevrolet Cobalt,
- Hyundai Tucson,
- Chevrolet Onix,
- Hyundai Santa Fe,
- Chery Tiggo 2.