Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді

Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-шаралар жоспары бекітілді
Сурет: Egemen.kz

Үкімет көлеңкелі экономикаға қарсы іс-шаралар жоспарын бекітті.

2023-2025 жылдарға арналған құжат, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге, тиімді бәсекелестік орнатып, халықты заңсыз бизнестен қорғауға арналған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Осы арқылы кедендік тексерулердің тиімділігін арттырып, оны оңтайландыру көзделген.

Мәселен, 2025 жылға қарай көтерме және бөлшек саудадағы көлеңкелі айналымды 5%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. Былтыр бұл көрсеткіш 7%-ға тең еді. Кешенді жоспар Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде әзірленді.