Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездеседі

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездеседі
Сурет: Еgemen.kz

Кездесуде бизнестің құқығын қорғау, кәсіпкерлердің жаңа экономикалық саясаты мәселелері сөз болады.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент нақты шешімдер қабылдайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл шараға Президент Әкімшілігі мен Үкіметтің басшылығы, құқық қорғау органдары мен бақылау-қадағалау функциясы бар мемлекеттік органдардың жетекшілері де шақырылған. Күн тәртібінде бизнестің құқығын қорғау, кәсіпкерлердің жаңа экономикалық саясатты іске асыруға атсалысу, шағын және орта бизнеске жүйелі қолдау көрсету мәселелері қарастырылады.