Қола дәуірінің ескерткіштері табылды

Қола дәуірінің ескерткіштері табылды
Сурет: Вlackpantera.ru

Құнды жәдігер

Еліміздің Абай облысынан ерте қола дәуіріне тиесілі ескерткіштер табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

3,5 мың жыл бұрынғы қорымдарды, сондай-ақ тұрмыстық заттар мен тастағы жазуларды Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары анықтаған.

Археологтардың айтуынша, жылқыны қоса  жерлеу дәстүрі сол заманда да болған. Қорымға «Орда ескерткіші» деген атау берілді. Мұнда шамамен 200-ге тарта ескерткіш бар.

«Болашақта жол жиегінде аспан асты музейін ашуға болады», - дейді археологтар.