Алматы көшелерінде уақытша көлік жүрісі шектеледі

Алматы көшелерінде уақытша көлік жүрісі шектеледі
Сурет: Rivara.ru

Бұл туралы Алматы қалалық мобилділік басқармасы мәлім етті
 

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 6 тамыз сағ.23:00 мен 7 тамыз сағ.07:00 аралығында Бөкейханов көшесінің Рысқұлов даңғылынан Серіков көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы уақытша толық шектелетін болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сондай-ақ жол жабындысын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 7 тамыз сағ. 23:00 мен 8 тамыз сағ. 06:00 аралығында Розыбакиев көшесінің Березовский көшесінен Өтепов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық шектеледі.

Аталған жұмыстар орташа жол жөндеу жұмыстары аясында жоспарланған болатын. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жол жүру бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз.