Көктемнің алғашқы күні ауа райы қандай болады

Көктемнің алғашқы күні ауа райы қандай болады
Сурет: Дмитрий Доценко

Жаңбыр, көктайғақ, жел

1 наурызда қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің 11 облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Орал қаласында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Күндіз батыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде басытан, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбеде көктайғақ болады. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, орталығында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.  Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтауда да тұман болады деп болжанады.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп болжанады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Ұлытау облысының оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қарағандыда күндіз оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар),көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады.  Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды. Павлодарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда күндіз жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.