Көк туымыз мәңгі желбірей берсін! 

Көк туымыз мәңгі желбірей берсін! 
Almaty-akshamy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

«Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Оны табысты әрі бақуатты мемлекеттің тірегі саналатын қастерлі құндылық ретінде көздің қарашығындай сақтау – ата-бабаларымыздың және келер ұрпақтың алдындағы қасиетті борышымыз.

Қазақстан стратегиялық бағытынан айнымай, мемлекеттілік дәстүрін дәйекті түрде дамытып келеді. Барлық салада қолға алынған ауқымды өзгерістер сан ғасырлық төл шежіреміздің жаңа парағын ашты. Біз баршаға бірдей мүмкіндік беріп, өсіп-өркендеуге жол ашатын Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Қоғамда бірлік пен тұрақтылық, заң мен тәртіп, жауапкершілік пен ынтымақ, білімпаздық пен еңбекқорлық сияқты құндылықтар берік орнықса, осы мақсатқа қол жеткізетініміз анық.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Көк туымыз мәңгі желбірей берсін! 

Тәуелсіздігіміз баянды болсын!»