Қоғамдық көлікте зейнеткерді жақтаған қыздың оқиғасы жалғасын тапты

Қоғамдық көлікте зейнеткерді жақтаған қызға ҚР ІІМ Алматы академиясына экскурсия ұйымдастырылды, – деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Polisia.kz. сілтеме жасап.

Жаннұр Нұржан оқу жылының басында Алматыдағы қоғамдық көлікте жасаған игі әрекетінің арқасында танымал болды. Сол кезде қыз бала тосап құмырасы сынып қалған зейнеткерге көмектесті.

– Бұл әрекет жерлестерімізді, қала тұрғындарын бей-жай қалдырмады. Қыз баланың бұл әрекеті – жақсы тәрбие мен дұрыс өмірлік ұстанымдар өмір жолында игі істерге жетелейтінін көрсетті. Жаннұр – қалалық қаржы-экономикалық колледжінің 2-курс студенті. Біз оны ҚР ІІМ Алматы академиясына қонаққа шақырдық. Қыз гидті қызығушылықпен тыңдады, киберзертханаға барды және ведомстволық университет туралы маңызды тарихи деректерді білді, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

– Маған бұл кездесу өте қатты ұнады. Колледжді бітірген соң ҚР ІІМ Алматы академиясына оқуға түсіп, қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін қызмет етемін деп ойлаймын, – деді Жаннұр Нұржан.