Алматы тағы да көш бастады

Алматы тағы да көш бастады
almaty-akshamy.kz

Алматы шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны бойынша көш бастауда

Алматыда 2023 жылдың I тоқсанындағы мәліметтер бойынша 872 мың қала тұрғыны шағын және орта кәсіпкерлікпен (ШОБ) айналысқан. Бұл мегаполистегі барлық экономикалық белсенді халықтың 79,6%-ын құрайды. Мұндай жоғары көрсеткіштер Қазақстанның бірде-бір өңірінде жоқ, деп Ranking агенттігі өз зерттеулерімен бөлісті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Салыстырмалы тұрғыда: Астанада осыған ұқсас кезеңде экономикалық белсенді халықтың ШОБ жұмыспен қамтылғандарының үлесі 72,8% -ды құрады. Еліміздің басқа өңірлерінде, соның ішінде Шымкентте бұл көрсеткіш жартысына да жеткен жоқ. Жамбыл және Ұлытау облыстарында ШОБ жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 30% - дан да төмен. Бұл халықтың ірі жүйе құраушы кәсіпорындарға жоғары тәуелділігін көрсетеді, бұл жалпы өңірлердің экономикасы үшін де қауіпті, деп есептейді агенттік.

Елімізде 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ШОБ-пен 4,1 млн адам  қамтылған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4% - ға артық. Алматыдан басқа, жұмыспен қамтылғандардың саны Астанада 499,4 мың адам және Түркістан облысында 279 мың адам.