ҚМА Алматыда астыртын казиноны анықтады

ҚМА Алматыда астыртын казиноны анықтады
Сурет: Еgemen.kz

Тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.

Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген тінту барысында ойын карталары мен фишкалар, ойыншылардан ұйымдастырушылардың бірінің карточкалық шотына аударылған қаражат табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Алматыда ставкалар мен ақшалай ұтыстарды көздейтін заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру әрекетінің жолы кесілді.

"Ойын өтетін күні ұйымдастырушылар ойын туралы SMS жіберіп, ойыншыларды жабық тізім бойынша шақыратыны, дилерлер мен даяшыларды жұмысқа тартатыны анықталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.