Қытайдың шығысында көлік апатынан 17 адам мерт болды

Қытайдың шығысында көлік апатынан 17 адам мерт болды
сурет:smotrim.ru

Көлік апаты Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясында болған.

Қытайдың шығысындағы Цзянси провинциясында болған көлік апаты салдарынан 17 адам қаза тапты деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

«Апат салдарынан 17 адам мерт болып, 22-сі жарақат алған. Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жіберілді. Оқиғаның себептері анықталып жатыр», - делінген хабарламада.