Қытайдан 20 қазақ отбасы көшіп келді

Қытайдан 20 қазақ отбасы көшіп келді
Сурет: Naizager.kz

Олар атажұртқа келгеніне қуанышты.

22 сәуір күні Қазақстанға Қытайдың Шынжаң өлкесіндегі 20 қазақ отбасы көшіп келді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz Naizager.kz сілтеме жасап. 

Оларды Алматы әуежайынан «Отандас ел» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Мұқан Мамытхан бастаған азаматтар қарсы алды.

«2017-2018 жылдары Қытайда тұратын 100 үйге көші-қон шақыртуын жібергенбіз. Соның алғашқы легі келді. Жылдың аяғына дейін шақырту алғандар түгел келуі тиіс», - деді Мұқан Мамытхан. 

Атамекеніне оралғандардың арасында пайғамбар жасына келген Оралтай Нұрдынай Құлжа қаласынан келіпті.

«Отбасымызда 7 адам бар. Қытай билігі қазір тек отбасымен толық көшетіндерге ғана рұқсат беріп отыр. Құлжадан Үрімжі – Шенг Ду арқылы 4 күн жүріп келдік. Атажұртқа келгенімізге қуаныштымыз», - деді ол.